6-с. 51-тақырып

ӨСІМДІКТЕР СИСТЕМАТИКАСЫ
Өсімдіктердің түрін анықтағанда, оның ботаникалық ерекшелігін қалай сипаттайды?
Барлық өсімдіктердің өзіне тән ерекшелігі болады (биіктігі, жапырағының құрылымы, тамырының түрі, пішіні және гүлденуі, жемісінің құрылысы және т.б.). Осы ерекшеліктері бойынша өсімдіктің түрін, оның қандай топ қа жата тындығын анықтайды.

Қазіргі кезде өсімдіктердің 350 мыңнан астам түрі ғылымға белгілі. Әлі де ғалымдар өсімдіктердің жаңа түрлерін табуда. Қазақстанда жоғары сатылы өсімдіктердің 6000-нан астам түрі бар. Осыншама өсімдіктерді оқып, зерттеу үшін оларды әртүрлі топтарға жіктеп бөледі. Жіктеумен систематика ғылымы айналысады. Жіктеуші ғалымдар оларды зерттейді, сипаттайды және айырмашылығы мен ұқсастығын анықтап, өсімдіктерге жеке атау береді.

Made on
Tilda