6-с. 52-тақырып

жануарлар СИСТЕМАТИКАСЫ
Жануарлар патшалығы
Жануарлар патшалығына тіршілігі мен сыртқы пішіні алуан түрлі болып келетін тірі ағзалар жатады. Қазіргі таңда жануарлардың 2 миллионнан астам түрі белгілі. Олар Жер шарының барлық бөлігінде тіршілік етеді. Қазақстанның жануарлар дүниесі де алуан түрлі. Елімізде омыртқалы жануарлардың 835 түрі кездеседі. Аңдардың 178, құстардың 500, бауырмен жорғалаушылардың 49, қосмекенділердің 12, балықтың 104 түрі мекендейді.

К. Линней жануарларды жүйелік топқа жіктеу кезінде түрді негіз етіп алды.


Ол түрді – туысқа, туысты – тұқымдасқа, тұқымдасты – отрядқа, отрядты – класқа, класты – типке, типтерді жануарлар патшалығына біріктіруді ұсынды


Түр - туыс - тұқымдас - отряд - класс - тип - жануарлар патшалығы

Жануарларды жіктегенде, бірінші олардың бір-біріне ұқсастығы ескерілді. Мысалы, қой туысына – жабайы қой (муфлон), арқар, қар қойы, Даль қойы жатады
  • Муфлон

  • Арқар

  • Қар қойы

  • Даль қойы

Терминдермен жұмыс
Тапсырма: Төмендегі сөздердің анықтамасын жазыңыз.
  • Жануарлар патшалығы
  • Түр
  • Туыс
  • Сүтқоректілер
  • Жыртқыш
  • Шөпқоректі
Made on
Tilda