6-с. 53-тақырып. биогеография
Биогеография деген не?
Ағзалар мен бірлестіктердің Жер бетіне географиялық таралуы және орналасуы туралы ғылым. Биогеография ғылымы зоогеография (жануарлар географиясы) және фитогеография (өсімдіктер географиясы) деп екіге бөлінеді.
  • Флора
    Белгілі бір жердегі өсімдіктер түрлерінің жиынтығын флора дейміз.
  • Фауна
    Жануарлардың жиынтығын фауна деп атаймыз

Биогеографияда «ареал» ұғымы кеңінен қолданылады. Ареал – белгілі бір жануарлар мен өсімдік түрлерінің таралу аймағы. Мысалы сексеуілдің таралу аймағы – шөлейт және шөл жерлер, ал Шренк шыршасының ареалы – Тянь-Шань тауының беткейлері.

Эндемиктер (грек тіл. – жергілікті) – таралу аймағы тар, тек қана белгілі бір жерде кездесетін жануарлар мен өсімдіктер. Өсімдіктер мен жануарлардың эндемик түрлері сирек және жойылып бара жатқан түр болғандықтан, негізінен Қызыл кітапқа енгізеді.

Жалман – кемірушілер отрядына жататын тышқандардың сирек кездесетін бір түрі. Түгі қалың, арқа жүні ақшыл сарғыш. Ін қазбайды, басқа кемірушілердің тастап кеткен інін пайдаланады. Жалманды алғаш рет ашқан В.А. Селевин болатын. Сондықтан да жалманды орыс тілінде «селевиния» деп атайды.

Made on
Tilda