6-с. 55-тақырып. ТУҒАН ӨЛКЕМІЗДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Қазақстанда қандай экологиялық проблема бар?
Республика аумағында көп жылдардан бері шешілмей келе жатқан проблемалар жеткілікті. Арал теңізі суының тартылуы, бұрынғы Семей полигонының зардабы. Құнарсыз жерлердің пайда болуы (құмның ауылшаруашылық жерлерін басып қалуы, ірі өндіріс және өнер кәсіптен бөлінген әртүрлі шаң-тозаңдар айналасындағы жерлерді уландыруы, суармалы егіншілік жерлерде тыңайтқышты дұрыс пайдаланбау нәтижесінде топырақтың тозуы және т.б.)
  • Сенің туған жеріңде қандай табиғи немесе экологиялық мәселе бар? (мысалы: қоқыс, лас ауа, аз су, ағаштардың азаюы т.б.)
  • Осы мәселені шешу үшін сен не істер едің? Екі-үш нақты ұсыныс жаз.
Made on
Tilda