Экологиялық қозғалыс — бұл табиғатты қорғап, оны таза, әдемі күйде сақтауға тырысатын адамдар тобы. Олар орманды, суды, ауаны ластамауға, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға көмектеседі.
Мақсаты: Табиғатты қорғау және болашақ ұрпаққа таза, салауатты орта қалдыру. Яғни, біз де, келешек балалар да таза ауамен тыныстап, мөлдір суды ішіп, жасыл ормандарда серуендей алатындай болуымыз керек.
Экологиялық ұйымның міндеттері
Адамдарға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру
Қоқысты дұрыс жинау мен қайта өңдеуді үйрету
Ағаш отырғызу, орманды сақтау
Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау
Қайта қолдануға болатын заттарды пайдалану
Су, ауа, жерді ластамауға шақыру
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні
Дүниежүзіндегі ең әйгілі табиғатты қорғау ұйымы – Greenpeaсe
Гринпис мүшелері қайықпен мұхитқа шығып, теңіз жануарларын құтқарады, орманда ағаш кесіп жатқан техникаларды тоқтатуға тырысады. Олар "табиғат – біздің ортақ үйіміз" деп санайды және сол үйді сақтау үшін күреседі.
Гринкросс адам денсаулығы мен табиғатты бірге қорғауға көмектеседі. Олар таза су, таза ауа және қауіпсіз өмір үшін жұмыс істейді.
Бұл ұйым сирек кездесетін жануарларды және олардың мекендейтін орнын қорғаумен айналысады. Олар панда, жолбарыс, мұз аюы сияқты жануарлардың жойылып кетпеуіне көмектеседі.
"Табиғатты қорғау агенті" Сен – экологиялық агентсің. Елді мекеніңе табиғатқа қауіп төнді. Сенің міндетің – тұрғындарға не істеу керек екенін түсіндіру. Шешім ұсын: