6-с. 58-тақырып
МАҢЫЗДЫ ӨНЕРТАБЫСҚА НЕНІ ЖАТҚЫЗУҒА БОЛАДЫ?
Өнертабыс деген не?
Көптеген адамдар құр идеяны өнертабыс деп ойлайды. Өнертапқыш деп жаңалық ашқан адамды емес, оны дәлелдеп, іске қосқан адамды атайды. Егер де өнертапқыш біреудің идеясын пайдаланып, оны ұзақ еңбек етудің арқасында өндіріске қосқан болса, оны «өнертабыс» деуге болады.
Кейде құнды өнертабыстар бұрын жасалған өнертабыстардың жетілдірілген нұсқасы болуы да мүмкін. Статистика бойынша барлық өнертабыстардың 95–98%-ы осылай жасалады. Тек 2–5%-ы – бұрын соңды болмаған өнертабыстар, яғни аналогтары мен прототиптері жоқ өнертабыстар.

Медицина планетамыздағы миллиондаған адамдардың өміріне араша түсуде. Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласында қызмет ететін мамандар вакцинаның ашылуын медицина тарихындағы ең маңызды жетістіктердің біріне жатқызады.
Ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер 1803 жылы ең бірінші шешекке қарсы вакци на ойлап тапты. Адамға әсер көрсетпейтін сиыр ауруының вирусын егу арқылы бұл ауруға қарсы иммунитет қалыптастырды

Жаңа өнертабыс ойлап табыңыз

Нұсқаулық: Өз өнертабысыңызды ойлап табыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріп сипаттаңыз. Суретін салуға да болады:
  • Бұл өнертабыс не үшін қажет?
  • Ол кімдерге көмектеседі?
  • Қалай жұмыс істейді?
  • Оның атауы қандай?
Мысал: "Сөмке-робот" – ауыр кітаптарды өзі алып жүретін мектеп сөмкесі.
  1. Шешекке қарсы вакцинаны ________ жылы __________ _________ ойлап тапты.
  2. Пенициллинді _______ жылы __________ __________ ашты.
  3. Никола Тесла 1888 жылы алғаш рет ______________________ дәлелдеді.
  4. Қауіпсіз электр тогын ________ жылы __________ __________ ойлап тапты.
  5. Барлық өнертабыстардың тек %-ы ғана бұрын соңды болмаған, яғни аналогы жоқ өнертабыстар.
Жауабы:
  1. 1803 жылы Эдвард Дженнер
  2. 1928 жылы Александр Флеминг
  3. Қашықтықтан қозғалтуды
  4. 1893 жылы Никола Тесла
  5. 2–5%
Made on
Tilda