Қазақстан – мықты ғылыми-техникалық әлеуеті бар мемлекеттердің бірі. Елімізде физика, ғарыштық зерттеу, тау-кен өндірісі, биология, жоғары молекулалық қосылыс, адамның био-химиясы және физиологиясы, жануарлар мен өсімдіктерді зерттеу, география, ботаника, тамақтану және гигиена т.б. ғылыми-зерттеу орталықтары бар. Қазақстандық ғалымдардың жұмысы дүниежүзілік деңгейде танылған. Солардың арасында геология, түсті металлургия, химия және басқа ғылым салаларын ерекше атап өтуге болады.