§62. Ауру тудыратын бактериялармен күресу тәсілдері
Ауру тудыратын микроағзалар ауру тудыратын біржасушалы жануарлар (қарапайымдар), біржасушалы саңырауқұлақтар, бактериялар немесе вирустар. Заманауи медицинада осы микроағзаларды жоятын көптеген қолжетімді заттар бар. Жансыз нысандар бетіндегі патогендерді жоятын заттар залалсыздандырушы деп аталады. Оларға көптеген жуғыш заттар, хлор, тұздар немесе қышқылдардың ерітінділері, спирттер, тірі ағзалардағы микробтарды жоятын басқа да заттар жатады.
Адам денесінің бетіндегі немесе жарақаттағы патогендерді жоятын заттар антисептиктер деп аталады. Оларға спирт, йод немесе зеленка ерітінділері т.б. жатады. Ағза ішіндегі патогендерді жоятын заттар антибиотиктер деп аталады.
Антибиотиктерді өндіру фармацевтика өнеркәсібінің ерекше бөлінген саласы, себебі оны өндіру басқа дәрілік препараттарды алудан ерекшеленеді. Мұнда басты буын микроорганизмдер болып табылады, көп мөлшерде антибиотиктер алу үшін оларға жақсы жағдай жасау қажет.
Залалсыздандыратын және антисептикалық заттар медицинада ХІХ ғасырдан бастап кеңінен пайдаланыла бастады. Бұған венгр акушері И. Земмельвейс жане орыс хирургі Н.И. Пирогов, микробиологияның негізін қалаушы француз ғалымы Л. Пастер жоне хирург Дж. Листер зор еңбек сіңірді.
Мәтін: Айдана тамағынан ауырған кезде дәрігер оған антибиотик жазып берді. Ал індет кезінде оның отбасы қол жууға арналған сабын мен санитайзерлерді жиі қолданды. Айдананың анасы үйді жиі жуып, еденге дезинфекциялық ерітінді септі. Айдана "антибиотик", "антисептик", "дезинфекциялық құрал" сөздерінің айырмашылығын түсінгісі келді. Дәріханашы оған былай түсіндірді:
Антибиотиктер – ағзаға түсіп кеткен зиянды бактерияларды жою үшін қолданылады. Тек дәрігердің тағайындауымен ішу керек.
Антисептиктер – терідегі микробтарды жою үшін қолданылатын құралдар (мысалы, спирт, йод, сутегі асқын тотығы).
Дезинфекциялық құралдар – тұрмыстық заттарды, беттерді, еденді зарарсыздандыруға арналған. Олар адам ағзасына арналмаған.
Тапсырмалар: 1. Мәтінді түсіну және талдау а) Үшеуінің қандай негізгі айырмашылықтары бар? ә) Антибиотиктерді неліктен өз бетінше ішуге болмайды? б) Қай құрал қай жағдайда қолданылатынын кесте түрінде жаз.
Ситуация: Мектепте бір оқушы қолын кесіп алды. Мұғалім қандай әрекет жасауы керек? Қай құралды қолдану қажет және не үшін? Осы жағдайға байланысты шешім ұсын. Қай құралды қолдану қажет екенін түсіндір.