§5. Липидтердің құрылымдық компоненттері
Липидтер – суда ерімейтін, бірақ органикалық еріткіштерде (эфир, бензин, хлороформ) еритін органикалық қосылыстар. Олар энергия көзі, қор заттары, жасуша мембранасының бөлігі және гормондардың құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқарады.

Топтық жұмыс: Ақыл картасын құру

Төмендегі сипаттамаға сәйкес липид түрін анықтаңыз:
а) Глицерин + 3 май қышқылы →
б) Глицерин + 2 май қышқылы + фосфат тобы →
в) Стероид сақинасы + басқа радикалдар →
«Қатені табу!»

Мәтін: Липидтер суда жақсы ериді, себебі олардың құрамында қаныққан қышқылдар бар. Фосфолипидтер жасуша ядросын түзеді. Глицерин – май қышқылдарының бір түрі.

Сұрақ: Осы мәтіндегі 3 қатені табыңыз және дұрыс нұсқасын жазыңыз.
Жауабы:
  1. Липидтер суда ерімейді, тек органикалық еріткіште ериді.
  2. Фосфолипидтер жасуша мембранасын түзеді, ядроны емес.
  3. Глицерин – спирт, май қышқылы емес.

а) Суық күнде адамдар майлы тағамдарды көп жейді. Неге?
ә) Жасуша мембранасы неге майлардан тұрады?
б) Холестериннің ағзадағы маңызы мен зияны қандай?

Жауап үлгісі:
а) Майлар – энергия көзі және жылу сақтайды.
ә) Фосфолипидтер – мембранада иілгіш, су өткізбейтін қорғаныс қабатын жасайды.
б) Холестерин гормондар түзуге қажет, бірақ шамадан тыс көп болса – тамырлар бітеледі.
«Комикс құрастыр»
Тапсырма: Липидтің құрылымдық компоненттерін "кейіпкерлер" ретінде елестетіп, 3 кадрдан тұратын қысқа комикс құрастыр. Әр кейіпкер өз рөлін қысқаша айт
Мысалы:
  • Глицерин: "Мен – негізбін, бәрін өзіме байлаймын!"
  • Май қышқылы: "Мен – энергиямын, қозғалысқа күш берем!"
  • Фосфат: "Суға жақынмын, мембранадан орын алдым!"
Made on
Tilda