Майлардың негізгі қасиеттері – олардың химиялық және физикалық ерекшеліктеріне, биологиялық маңыздылығына байланысты анықталады.
Майлардың қасиеттері
Гидрофобтылығы
Ең басты қасиеттерінің бірі – суда ерімеуі. Бұл қасиет майлардың гидрофобты болуына байланысты, яғни олар суды жақтырмайды. Майлар тек эфир, бензин, ацетон сияқты органикалық еріткіштерде ериді. Сонымен қатар, майлардың тығыздығы судан төмен, сондықтан олар су бетінде қалқып жүреді.
Энергия көзі
1 грамм май ыдырағанда 9,3 килокалория энергия бөлінеді. Бұл көрсеткіш ақуыз бен көмірсудан екі есе жоғары. Майлардың тағы бір маңызды қасиеті – жылуды сақтау қабілеті. Олар тері астында жиналып, жылу өткізбейтін қабат түзіп, дене температурасын тұрақты ұстап тұруға көмектеседі. Бұл әсіресе суықта өмір сүретін жануарларда жақсы байқалады.
Құрылымдық және қорғаныштық қызмет
Фосфолипидтер жасуша мембранасының құрамына кіріп, оның икемділігі мен өткізгіштігін қамтамасыз етеді. Май қабаттары ішкі ағзаларды қорғайды, буындардың қозғалысын жеңілдетеді. Май жанғанда су түзеді, бұл қасиет шөлде өмір сүретін жануарлар үшін маңызды, мысалы, түйе майдан су алады.
ТАПСЫРМА
Қандай қасиетке жатады?
1.Май судың бетінде қалқып жүреді | 2.Түйе майды ыдыратып, су алады | 3.Майлар суықтан қорғайды | 4.Фосфолипидтер мембрананың бөлігі | 5.Май ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді | 6.Буындарда май қозғалысты жеңілдетеді |