Нәруыздар – тірі ағзадағы ең маңызды органикалық заттардың бірі. Олар аминқышқылдарынан тұрады және жасушаның құрылысы мен қызметін қамтамасыз етеді. Адам ағзасында нәруыздардан ферменттер, гормондар, бұлшықет талшықтары, сондай-ақ антиденелер түзіледі.