Денатурация – нәруыз молекуласының кеңістіктік құрылымының (екінші, үшінші немесе төртінші реттік) бұзылып, өзінің қалыпты пішінін жоғалтуы. Бұл кезде нәруыз қызметін атқара алмай қалады. Себептері:
Жоғары температура (мысалы, қайнау), қышқылдар мен сілтілер, ауыр металдардың тұздары, спирттер, химиялық заттар.
Мысал: Жұмыртқаны пісіргенде, оның ақуызы ағарып, қатаяды. Бұл – денатурация. Ақуыздың табиғи құрылымы бұзылып, енді бұрынғыдай жұмыс істей алмайды.
Ренатурация – денатурацияға ұшыраған нәруыздың қолайлы жағдай жасалғанда қайтадан өз пішініне келуі, яғни қызметін қайта қалпына келтіруі. Қажетті жағдайлар:
Температураны қалыпқа келтіру;
pH деңгейін қалпына келтіру;
Зиянды заттарды алып тастау.
Мысал: Кейбір жағдайларда жасанды түрде денатурацияланған ферменттер салқын ортаға немесе бейтарап ортаға қойылса, өз қызметін қайта жалғастыра алады. Бірақ барлық нәруыздар ренатурациялана бермейді.
Төмендегі тұжырымдарға "Дұрыс" немесе "Бұрыс" деп жауап бер:
Денатурация кезінде нәруыз аминқышқылдарға ыдырайды.
Ренатурация – нәруыздың қызметін қалпына келтіруі.
Температураның көтерілуі денатурацияға себеп болады.
Денатурация тек қана жоғары температурада жүреді.
Барлық денатурацияланған нәруыздар қайтадан қалпына келе алады
Сұрақ: Асханадағы шәйнектің буы жұмыртқаның үстіне түсіп, оны ақ түске айналдырды. Бұл қандай үдеріс? Неліктен олай болды?
Жауабыңда мына сұрақтарға жауап бер:
Бұл денатурация ма, әлде ренатурация ма?
Қандай фактор әсер етті?
Мұндай өзгеріс кері қайтуы мүмкін бе?
Денатурация - бұл нәруыздың _________ бұзылуы.
Ренатурация — нәруыздың ________ жағдайында пішінін қалпына келтіруі.
Жұмыртқаны пісіргенде нәруыздың _________ құрылымы бұзылады.
Нәруыз ренатурацияға ұшырау үшін _______ жойылуы керек.
Тапсырма:
Нәруыз молекуласы рөлінде болып көр.
Сені жоғары температура қоршады (денатурация жүріп жатыр). Не сезіндің?
Кейін суық ортаға түстің – ренатурация басталды. Не болды?
Жауабыңды комикс, әңгіме немесе диалог түрінде жаз/суретін сал.