§12. Дезоксирибонуклеин қышқылының құрылысы мен құрылымы
ДНҚ – тірі ағзалардағы тұқым қуалайтын ақпаратты сақтайтын молекула. Ол біздің денеміздің қалай жұмыс істейтінін, қандай белгілер болатынын (көздің түсі, бойдың ұзындығы т.б.) басқаратын “генетикалық нұсқаулық” сияқты.

Яғни, ДНҚ – бұл ағзаның "нұсқаулық" сияқты. Әр жасушада осы "нұсқаулықтың" көшірмесі бар. Бұл нұсқаулар гендер деп аталады.

Мысалы, ата-ананың көз түсі баласына беріледі – себебі сол ақпарат ДНҚ-да сақталған. Тұқым қуалайтын аурулар (қант диабеті) ДНҚ-дағы өзгерістерге байланысты болуы мүмкін.

Жасуша ДНҚ-дағы мәліметке қарап, нәруыз жасайды, сол арқылы денеде түрлі процестер жүреді.

Қорытынды: ДНҚ – бұл әр тірі ағзаның ішінде болатын ақпарат тасушы молекула, ол құрылымын, қасиетін, және тұқымқуалаушылығын басқарады.
ДНҚ-ның ашылу тарихы
  • Д.Уотсон мен Ф.Крик
    ДНҚ-ның құрылымы мен қызметін ашқан. Оларға 1962 жылы нобель сыйлығы берілген.
  • Фридрих Иоганн Мишер
    Ол іріңдеген жарадан алынған лейкоциттерді зерттеді. Ол ядроны бөліп алып, ішінде бұрын белгісіз зат бар екенін анықтады. Бұл затта фосфор көп болып, қышқыл қасиет танытты, сондықтан Мишер оны "нуклеин қышқылы" деп атады. Осылайша ол алғаш рет ДНҚ-ның бар екенін ашқан адам болды, бірақ оның тұқымқуалаудағы рөлі ол кезде әлі белгісіз еді.
  • Освальд Эвери
    ДНҚ-ның тұқымқуалайтын материал екенін алғаш дәлелдеген.
    1944 жылы Эвери пневмококк бактерияларын зерттеп, олардың тұқымқуалау қасиеттерінің ДНҚ арқылы берілетінін анықтады. Эвери бұрын тұқым қуалауды нәруыздар басқарады деген пікірге қарсы шығып, нақты дәлелдер арқылы ДНҚ басты генетикалық материал екенін көрсетті. Аталған тәжірибе молекулалық генетикаға жол ашқан тарихи жаңалық болды
  • Роберт Фельген
    ДНҚ-ны бояу арқылы жасушадағы орналасуын анықтады. Фельген әдісімен боялған микропрепараттарды зерттеу кезінде митохондрияда да ДНҚ іздері байқалған. Бұл алғашқы цитохимиялық дәлелдердің бірі болды, яғни митохондрияның өз ДНҚ-сы бар екенін көрсететін алғашқы байқаулардың бірі Фельген әдісімен алынған.
    Алайда митохондрияда ДНҚ-ның нақты бар екенін Фельген емес, кейінгі молекулалық зерттеулер мен электронды микроскопия арқылы басқа ғалымдар дәлелдеді.
Жауабы:
A – 2
B – 3
C – 4
D – 1


Қос шиыршық (спираль) түріндегі ДНҚ суреті берілген.

Сұрақтар:
  • Екі тізбекті не біріктіріп тұр?
  • Қандай элементтер қаңқасын құрайды?
  • Азотты негіздер қалай жұптасады?

Сөйлемді толықтыр
ДНҚ екі тізбектен тұрады, олар бір-бірімен __________ байланыс арқылы байланысады.

Азотты негіздер жұптасу заңы бойынша аденин __________-мен, ал гуанин__________-мен жұптасады.

ДНҚ-ның қант бөлігі __________ деп аталады.

ДНҚ жасушаның __________ бөлігінде орналасқан.
Made on
Tilda