§13. Дезоксирибонуклеин қышқылы молекулаларының қызметі
ДНҚ - тұқымқуалау ақпаратын ұрпақтан ұрпаққа беруге қабілетті. ДНҚ екі комплементарлы тізбекке бөлінуге қабілетті, әрқайсысының бастапшы реті қалпына келеді.
Репликация деген не?
  • ДНҚ-ның өзін-өзі өндіру процессі репликация деп аталады.
    Репликация генетикалық ақпараттың көшірмесін жасайды және оның ұрпақтан ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді.
  • Репликация митоз интерфазасының синтетикалық кезеңінде жүреді.
    Хеликаза сутектік байланыстарды үзеді.
  • ДНҚ саны жасушада екі еселенеді
    Әр жаңа ДНҚ молекуласы бір "ескі" және бір "жаңа" тізбектен тұрады.
  • Репликация мүмкіндігі
    Бұл механизм соматикалық жасушаларда диплоидті хромосома санын сақтауға мүмкіндік береді.


Генетикалық код - барлық тірі организмдерге тән, ДНҚ молекуласында нуклеотидтер реттілігінің көмегімен нәруыздардың аминқышқылдарының реттілігін кодтау тәсілі.

Тірі жасушаларда генетикалық ақпарат екі түрлі жолмен көшіріледі: транскрипция, трансляция


Транскрипция

Транскрипция – ДНҚ-дағы генетикалық ақпараттың мРНҚ-ға (ақпараттық РНҚ) көшірілу процесі.


Бұл процесс ядрода жүреді.

Нәтижесінде, ДНҚ негіздерінің ретіне сәйкес мРНҚ тізбегі түзіледі.


Мысалы: Егер ДНҚ тізбегі – АТГ болса, мРНҚ тізбегі – УАЦ болады.

Трансляция

Трансляция – мРНҚ тізбегіндегі ақпараттың аминқышқыл тізбегіне (нәруызға) айналуы.


Бұл процесс рибосомада жүреді.


Әр 3 әріптен (кодон) тұратын мРНҚ бөлімі бір аминқышқылға сәйкес келеді.


Мысалы, мРНҚ тізбегіндегі АУГ кодоны – метионин аминқышқылын білдіреді.

Жауабы: A–2, B–1, C–4, D–3
Сөйлемді толықтыр
  1. Транскрипция кезінде ДНҚ-дағы генетикалық ақпарат __________ көшіріледі.
  2. Трансляция үдерісі __________ органоидында жүреді.
  3. Әр 3 нуклеотидтен тұратын бөлік __________ деп аталады.
  4. Транскрипция үдерісі __________ бөлігінде өтеді.
Made on
Tilda