§14. Дезоксирибонклеин қышқылының репликациялану механизмі
ДНҚ-ның өздігінен екі еселену қабілеті (репликациялану) негізгі қызметі болып табылады. Репликация - қате жібермейтін өте нақты механизм. ДНҚ-да нуклеин қышқылдарының екі еселенуін, жаңа нуклеотидтердің синтеделуін жүзеге асыратын ферменттің құрылысы туралы ақпарат кодталған.
Репликация модельдері
  • Жартылай консервативті
    • ДНҚ молекуласы екі тізбекке ажырайды.
    • Әр тізбекке жаңа комплементарлы тізбек синтезделеді.
    • Нәтижесінде екі ДНҚ молекуласы түзіледі, әрқайсысында бір ескі және бір жаңа тізбек болады.
    • Бұл модельді Мезельсон мен Сталь тәжірибе арқылы 1958 жылы дәлелдеген.
  • Консервативті модель
    • ДНҚ молекуласы толық сақталып қалады.
    • Оның жанында толығымен жаңа екі тізбекті ДНҚ синтезделеді.
    • Яғни, бір ДНҚ – толық ескі, екіншісі – толық жаңа болады.
  • Дисперсивті модель
    Ескі ДНҚ тізбегі фрагменттерге бөлініп, жаңасымен араласып синтезделеді.
    Әрбір жаңа тізбек мозаика сияқты: біраз жері ескі, біраз жері жаңа болады.
  1. ДНҚ репликациясының жартылай консервативті механизмінің маңызын түсіндір.
  2. Егер репликация дәл жүрмесе, ағзада қандай мәселелер туындауы мүмкін?
  3. Уотсон мен Крик моделінің ғылым үшін маңызы қандай?
Made on
Tilda