§15. Мезельсон мен сталь тәжірибелері. Чаргафф ережесі
Мезельсон мен Сталь тәжірибесі – бұл 1958 жылы жүргізілген әйгілі биологиялық тәжірибе, ол ДНҚ-ның жартылай консервативті жолмен екі еселенетінін (репликацияланатынын) тәжірибе жүзінде дәлелдеген.
Репликация модельдері
  • Жартылай консервативті
    • ДНҚ молекуласы екі тізбекке ажырайды.
    • Әр тізбекке жаңа комплементарлы тізбек синтезделеді.
    • Нәтижесінде екі ДНҚ молекуласы түзіледі, әрқайсысында бір ескі және бір жаңа тізбек болады.
    • Бұл модельді Мезельсон мен Сталь тәжірибе арқылы 1958 жылы дәлелдеген.
  • Консервативті модель
    • ДНҚ молекуласы толық сақталып қалады.
    • Оның жанында толығымен жаңа екі тізбекті ДНҚ синтезделеді.
    • Яғни, бір ДНҚ – толық ескі, екіншісі – толық жаңа болады.
  • Дисперсивті модель
    Ескі ДНҚ тізбегі фрагменттерге бөлініп, жаңасымен араласып синтезделеді.
    Әрбір жаңа тізбек мозаика сияқты: біраз жері ескі, біраз жері жаңа болады.
Чаргафф ережесі – бұл ДНҚ құрамындағы азотты негіздердің жұптасу заңдылығы.

Қарапайым тілмен түсіндірсек: ДНҚ молекуласында 4 түрлі азотты негіз болады:
  • Аденин (A)
  • Тимин (T)
  • Гуанин (G)
  • Цитозин (C)
Чаргаффтың ережесіне сәйкес:
  • Адениннің мөлшері әрқашан тиминнің мөлшеріне тең (A = T)
  • Гуаниннің мөлшері әрқашан цитозинге тең (G = C)
Мысалы, егер ДНҚ-да:
  • Аденин – 20% болса → Тимин де – 20%
  • Гуанин – 30% болса → Цитозин де – 30%
Барлығы: 20 + 20 + 30 + 30 = 100%

Маңызы: Бұл ереже ДНҚ-ның қос тізбекті құрылымын түсінуге көмектесті
  • Уотсон мен Крик осы заңдылық арқылы ДНҚ-ның қос шиыршықты моделін жасады.
Егер ДНҚ-да аденин – 22%, тимин – _____%
Егер гуанин – 28%, цитозин – _____%
Барлығы неше % құрауы тиіс? → _____%
Егер тимин – 35%, онда гуанин мен цитозин әрқайсысы – _____%
Made on
Tilda