§18. жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері
Мембранасыз органоидтер
Жасуша орталығы, рибосомалар
Бірмембраналы органоидтер
Вакуольдік жүйедегі органеллалар: ЭПТ, лизосомалар, Гольджи жиынтығы, вакуольдер
Қосмембраналы органоидтер
Пластидтер, митохондриялар
Жасуша органоидтері
  • Цитоплазма
    Жасушаның ішін алып жатқан сұйықтық. Қызметі: органоидтерді байланыстыру, зат алмасу
  • Ядро
    Тұқым қуалау ақпаратын тасымалдайды
  • Жасуша мембранасы
    Фосфолипидтердің бимолекулярлы қабатынан тұрады. Жасуша пішінін қамтамасыз етеді, қорғаныш қызметін атқарады. Жасушаға қажетті заттарды өткізеді
  • ЭПТ (эндоплазмалық тор)
    Түйіршікті және тегіс түрлері бар. Түйіршікті ЭПТ нәруыздарды, ал тегіс ЭПТ көмірсулар мен липидтерді синтездейді
  • Рибосомалар
    Екі суббірліктен тұратын мембранасыз органоидтер. Нәруыз синтезіне қатысады.
  • Лизосомалар
    Мембранамен қоршалған көпіршіктер. Заттарды ыдыратады.
  • Митохондриялар
    АТФ синтездейді. Жасушаны энергиямен қамтамасыз етеді.
  • Пластидтер
    Қосмембраналы, тек өсімдіктерде кездеседі. Қызеті: заттарды қорға жинау, фотосинтез үдерісіне қатысу
Төмендегі сөйлемдерді тиісті сөздермен толықтыр:

  1. __________ жасушаның “энергетикалық станциясы” деп аталады.
  2. __________ тек өсімдік жасушасында кездеседі және фотосинтезге қатысады.
  3. __________ заттарды қорытып, жасушадағы қажетсіз қалдықтарды ыдыратады.
  4. __________ ақуыз синтездеуге қатысады және кішкентай түйіршік түрінде болады.
Made on
Tilda