§19. Жасуша қабырғасы және оның қызметі
Бактерия жасушасы
Жасуша қабырғасы - муреин. Бактерия штамдары қатты қабықшасының құрылысына байланысты грамоң және грамтеріс деп екі түрге бөлінеді. Бұл олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.
Саңырауқұлақ жасушасы
Жасуша қабырғасының негізгі компоненттері хитин және глюкан. Ал балдыр қабықшасы түрлі полисахаридтерден, негізінен, глюкоза және оның қосылыстарынан құралуы мүмкін
Өсімдік жасушасы
Өсімдік жасушасының қабырғасы – бұл жасушаны сыртынан қаптап тұрған қатты әрі серпімді құрылым. Оның негізгі құрамында целлюлоза, гемицеллюлоза және пектин бар. Жасушаға белгілі бір пішін беріп, оны механикалық зақымданудан қорғайды. Ол судың, минералдардың және басқа заттардың өтуін реттеп, жартылай өткізгіштік қасиетке ие.
Өсімдік жасуша қабырғасының құрылысы
Жасуша қабырғасының химиялық өзгерісі
  • Сүректену
    Лигнин
  • Тоздану
    Суберин
  • Жемістердегі балауыздық заттар
  • Тұқым қабықшасындағы шірнелер
Сәйкестендіру
Төмендегі сөйлемдерді тиісті сөздермен толықтыр:

  1. Өсімдік жасушасының қабырғасы негізінен ___________ молекуласынан тұрады.
  2. Бактериялардың жасуша қабырғасы ___________ затынан түзіледі.
  3. Саңырауқұлақтардың жасуша қабырғасында ___________ болады.
  4. Сүректену процесінде қабырғаға ___________ сіңіп, ол қатаяды.
  5. Тоздану кезінде қабырғадан ___________ бөлініп, су өткізгіштік қасиеті төмендейді.
Made on
Tilda