§20. Плазмалық мембрана
Плазмалық мембрана
Мембраналық липидтердің үш түрі бар
  • Фосфолипидтер
  • Гликолипидтер
  • Холестерол
Фосфолипид
Жасуша мембранасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын липидтер. Олардың бір шеті гидрофильді, екінші шеті гидрофобты болады. Фосфолипидтер мембранада қос қабат түзеді және мембрананың икемділігі мен өткізгіштігін қамтамасыз етеді.
Гликолипид
Гликолипидтер – липид молекуласына қосылған көмірсулардан тұратын күрделі липидтер. Олар жасуша мембранасының сыртқы қабатында орналасады және жасушалар арасындағы тану мен сигнал беруге қатысады. Гликолипидтер иммундық жауап және жасушааралық байланыс үшін маңызды.
Холестерол
Холестерол – жануарлар жасушаларының мембранасында болатын май тәрізді зат. Ол мембрананың тұрақтылығын арттырады, сұйықтығын реттейді және тым қатты немесе тым сұйық болмауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, кейбір гормондар мен витаминдердің (мысалы, D витамині) түзілуіне қатысады.
ЖАСУША МЕМБРАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Тосқауылдық
Мембрана таңдамалы өткізгіштікке ие
Тасымалдаушы (транспорттық)
Тасымалдың пассивті және активті түрлері бар. Фосфолипидті биқабаттан қандай да бір себептермен өте алмайтын, бірақ жасушаға қажетті болған жағдайда олар арнайы тасымалдаушы нәруыздар арқылы эндоцитоз жолымен өтеді.
Матрицалық
Мембранадағы нәруыздардың дұрыс ретпен орналасуын қамтамасыз етеді
Механикалық
Жасушаның автономдылығын, жасушаішілік құрылысын, басқа жасушалармен байланысын қамтамасыз етеді
Энергетикалық
Рецепторлық
Ферментативтік
Жасушаны маркерлеу
Бұл қызмет жасушалардың бір-бірін танып, өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Мембранадағы гликопротеиндер мен гликолипидтер «маркерлер» рөлін атқарады. Оларға қосылған олигосахарид тізбектері әр жасушаға ерекше таңба береді. Осы маркерлер арқылы ұлпалар қалыптасып, иммундық жүйе бөтен антигендерді анықтайды.
  • Пассивті тасымал

    Заттардың жоғары концентрациядан төмен концентрацияға қарай энергия шығындалмай өтетін процесі.

    Негізгі түрлері: диффузия, осмос және жеңілдетілген диффузия.

    Мысалы: оттегі мен көмірқышқыл газының мембрана арқылы өтуі.
    Бұл процесс жасуша мембранасының жартылай өткізгіштік қасиетіне байланысты жүреді.
  • Активті тасымал

    Бұл заттардың төмен концентрациядан жоғары концентрацияға қарай АТФ энергиясының жұмсалуымен тасымалдануы.
    Негізгі түрлері: насостар арқылы тасымал (Na⁺/K⁺ насосы сияқты), эндоцитоз және экзоцитоз.
    Мысалы: натрий-калий насосы жасушадағы иондық теңгерімді ұстап тұрады.
    Бұл процесс жасушаға қоректік заттарды жинақтау немесе қалдықтарды шығару үшін маңызды.
Төмендегі сөйлемдерді тиісті сөздермен толықтыр:
  1. Жасуша мембранасындағы ____________ және ____________ маркер рөлін атқарады.
  2. Олар ____________ тізбектері арқылы әр жасушаға ерекше таңба береді.
  3. Маркерлердің арқасында иммундық жүйе ____________ анықтай алады.
Жауап: гликопротеиндер, гликолипидтер; олигосахарид; бөтен антигендерді
Дұрыс-бұрыс (True/False)

  1. Фосфолипидтер мембрананың беріктігін арттырады.
  2. Гликолипидтер жасушалар арасындағы тануға қатысады.
  3. Холестерол мембранада тек нәруыздармен байланысқан күйде болады.
  4. Фосфолипидтер липидті биқабат түзеді.
  5. Холестерол мембрананың қаттылығын және тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
  6. Гликолипидтер тек ішкі мембраналық қабатта орналасады.
  7. Мембраналық липидтердің барлығы гидрофобты болып табылады.
  8. Фосфолипидтердің гидрофильді бөлігі суды жақсы өткізеді.
  9. Холестерол полярлы молекулалардың мембранадан өтуін шектейді.
Жауаптары
Дұрыс-бұрыс (True/False)
  1. Фосфолипидтер мембрананың беріктігін арттырады(бұрыс)
  2. Гликолипидтер жасушалар арасындағы тануға қатысады (дұрыс)
  3. Холестерол мембранада тек нәруыздармен байланысқан күйде болады (бұрыс)
  4. Фосфолипидтер липидті биқабат түзеді (дұрыс)
  5. Холестерол мембрананың қаттылығын және тұрақтылығын қамтамасыз етеді (дұрыс)
  6. Гликолипидтер тек ішкі мембраналық қабатта орналасады (бұрыс)
  7. Мембраналық липидтердің барлығы гидрофобты болып табылады (бұрыс)
  8. Фосфолипидтердің гидрофильді бөлігі суды жақсы өткізеді (дұрыс)
  9. Холестерол полярлы молекулалардың мембранадан өтуін шектейді (дұрыс)
Made on
Tilda