Хромопластар
Хромопластар – қызыл, сары, қызғылт сары пигменттерді (каротиноидтар) жинақтайтын пластидтер. Олар өсімдік гүлдеріне, жемістеріне және кейбір жапырақтарға түрлі түстер беріп, тозаңданушыларды тартуға көмектеседі. Хромопластарда фотосинтез жүрмейді.