Цитоплазма - жасуша ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат, құрамына жасушалық мембранамен шектелген гиалоплазма және органеллалар кіреді.
Митохондрия
Жасушаның “энергетикалық станциясы”. Онда жасушалық тыныс алу жүріп, АТФ түрінде энергия түзіледі.
ЭПТ
Заттарды тасымалдау, ақуыз және липид синтезін қамтамасыз етеді. Түйіршікті ЭПТ-де рибосомалар орналасып, ақуыз түзіледі; тегіс ЭПТ-де майлар мен көмірсулар синтезделеді.
Ядро
Генетикалық ақпаратты сақтап, жасушаның барлық қызметін басқарады. Онда ДНҚ және РНҚ синтезі жүреді.
Лизосомалар
Жасуша ішіндегі “қорытушы органоид”. Ескі немесе зақымдалған құрылымдарды, бөгде заттарды ыдыратып, қайта өңдеуге қатысады.
Су
жасушаның негізгі бөлігі, зат алмасу реакциялары жүретін орта, еріткіш және термореттеуші рөл атқарады.