§26. жасушаның мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс

Мембрананың құрылымы өзінің биқабатымен ерекшеленеді. Фосфолипидтік қос қабаттың гидрофильді бөлігі сыртқа бағытталған, ал гидрофобты бөлігі ішке бағытталып орналасқан.

Сұйық-кристалды мозаикалық модельді 1972 жылы Сингер мен Николсон ұсынған. Бұл модель бойынша жасуша мембранасы қос қабатты фосфолипидтерден тұрады. Фосфолипидтердің гидрофильді “бастары” суға қарайды, ал гидрофобты “құйрықтары” ішке қарай бағытталған. Осы қабат ішінде әртүрлі нәруыздар “қалқып жүргендей” орналасады, сондықтан мембрана “сұйық мозаикаға” ұқсайды. Нәруыздар заттарды тасымалдауға, рецепторлық қызметке және мембрананың беріктігін қамтамасыз етуге қатысады. Мембрана жартылай өткізгіш, бұл жасуша ішіндегі орта тұрақтылығын сақтайды.

Дұрыс/Бұрыс тапсырмасы:

  1. Сұйық-кристалды модельде нәруыздар фосфолипид қабатында қозғала алмайды.
  2. Фосфолипидтердің гидрофильді бөлігі суға бағытталған.
  3. Холестерин мембрананың қаттылығын төмендетеді.
  4. Сұйық-кристалды модельді 1972 жылы Singer мен Nicolson ұсынды.
  1. Жасуша мембранасының негізін ____________ түзеді.
  2. Мембранадағы нәруыздар заттарды ____________ және сигналдарды қабылдауға қатысады.
  3. Холестерин мембрананың ____________ қамтамасыз етеді.
  4. Сұйық-кристалды модельде нәруыздар фосфолипид қабатында еркін ____________.
Жауабы
фосфолипидтер, тасымалдауға, тұрақтылығын, қозғалады
Made on
Tilda