Биологиялық мембраналардың жалпы қасиеттері. Барлық жасуша мембраналары нәруыз молекулалары кіріктірілген екі қабат түзіп орналаскан липидті молекулалардан тұратын жұқа липопротеидтік қабықша. Мембрана типіне қарай кұрамындағы липидтердің үлесі 25-60%, ал нәруыздардың үлесі 40-75% болуы мүмкін. Көпшілік мембраналардын кұрамына көмірсулар болады және олардың үлесі 2-10%-ке жетуі мүмкін.