§3. әртүрлі түрлерді сипаттау үшін бинарлы номенклатураны қолдану

Жүйелеудің негізін кім қалады?
Жүйелеудің негізін Карл Линней қалады. Ол ағзалардың сыртқы және ішкі құрылысын салыстыруға негізделген жүйені құрастырды. К.Линней жүйесі ағзалардың құрылысының күрделенуін зерттеуге мүмкіндік берді.
Бинарлы номенклатура – тірі ағзаларды екі бөліктен тұратын атаумен (екі есімді жүйе) атау әдісі.
🔹 Бұл жүйені алғаш Карл Линней (1735 жылы) енгізген.
🔹 Атаудағы бірінші сөз – тұқымдас атауы, екінші сөз – түрдің нақты атауы.
Мысалы, Homo sapiens:
Homo – тұқымдас (адам)
sapiens – түр атауы (ақылды)
  • Волга қазтабаны
  • Құз кептері
  • Грейг қызғалдағы
  • Тау ешкі
Дұрыс/Бұрыс

  1. Түр – тұқымдастардың жиынтығы.
  2. Карл Линней тірі ағзаларды жіктеудің негізін қалады.
  3. Бинарлы номенклатурада түрдің атауы үш сөзден тұрады.
  4. Түр даралары өзара шағылысып, ұрпақ бере алады.
Бос орынды толтыр

  1. __________ – тірі ағзаларды екі сөзбен атау жүйесін енгізген ғалым.
  2. Түрдің атауының бірінші сөзі – __________, екінші сөзі – __________.
  3. Бір түр даралары өзара еркін __________ .
Made on
Tilda