§8. Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуі

Пестицидтер деген не?
Пестицидтер – өсімдіктерді зиянды жәндіктерден, арамшөптерден және ауру тудыратын микроағзалардан қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар. Олар ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыруға көмектеседі. Пестицидтер инсектицидтер (жәндіктерге қарсы), гербицидтер (арамшөптерге қарсы), фунгицидтер (саңырауқұлақтарға қарсы) сияқты түрлерге бөлінеді. Бірақ пестицидтердің шамадан тыс қолданылуы топырақты, суды ластап, адам денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.
Пестицидтердің түрлері
  • Инсектицидтер

    Зиянды жәндіктерді жоюға арналған пестицидтер.


    Мысал: колорад қоңызына қарсы қолданылатын дәрілер.


    Қолдану мақсаты: егінді жәндіктерден қорғау

  • Фунгицидтер

    Өсімдік ауруын тудыратын саңырауқұлақтарды жоюға арналған.


    Мысал: жүзімде пайда болатын зеңдерге қарсы Бор қоспасы.


    Қолдану мақсаты: саңырауқұлақ ауруларынан сақтандыру

  • Гербицидтер

    Арамшөптерді жоюға арналған химиялық заттар.


    Мысал: далада өсетін арамшөптерге қарсы Roundup.


    Қолдану мақсаты: арамшөптерді азайтып, дақылдардың өнімін арттыру

Қызықты мәліметтер
Инсектицид
Бір ғана ара отбасын жоятын инсектицидтің мөлшері 1 миллилитрден аз болуы мүмкін.
Алғашқы инсектицид ретінде табиғи пиретрум гүлінен алынған ұнтақ қолданылған.

Гербицид
Гербицидтердің кейбір түрлері арамшөптерді ғана емес, адамға пайдалы өсімдіктерді де жоя алады, сондықтан оларды өте мұқият қолданады.
20 ғасырда жасалған алғашқы гербицидтерді әскери мақсатта да пайдаланған (мысалы, Агент Оранж Вьетнам соғысында).

Фунгицид
Бор қоспасы – әлемдегі ең көне фунгицид, оны француздар жүзімді зеңнен қорғау үшін ойлап тапты.
Фунгицидтерді шамадан тыс қолдану саңырауқұлақтардың оларға төзімді жаңа түрлерін тудырады.
Сторителлинг
Тірек сөздерді падаланып, әңгіме құраңыз
  • Инсектицидтер
    «Тұман Жәндік және Құмырсқа патшалығы»

    Тірек сөздер: бақша, зиянды жәндіктер, табиғи дәрі, аралар, улы тұман


    Идея: Бір бақшада зиянды жәндіктер қаптап кетеді. Ауыл тұрғыны химиялық инсектицид қолданады, бірақ күтпеген жерден аралар мен көбелектер де жойылып, гүлдердің тозаңдануы тоқтап қалады. Бақша өмірі қалай өзгереді?

  • Гербицидтер
    «Ашуға булыққан Жер Ана»

    Тірек сөздер: арамшөптер, егін, сиқырлы гербицид, улы жаңбыр, жер ана


    Идея: Егін алқабын басып кеткен арамшөптерге қарсы фермер сиқырлы гербицид қолданады. Бірақ бұл гербицид жерді улап, жер ана ашуланып, егінді «тірілтіп» қояды. Кейіпкерлер қалай әрекет етеді?

  • Фунгицидтер
    «Саңырауқұлақ патшалығының көз жасы»

    Тірек сөздер: жүзім бауы, саңырауқұлақтар, жасырын әлем, табиғи тепе-теңдік, қалпына келтіру


    Идея: Бір жүзім бауының астында саңырауқұлақтардан тұратын жасырын патшалық бар. Фунгицид себілген соң, патшалық қирай бастайды. Тепе-теңдікті сақтап қалу үшін бір бала бұл әлемге тап болады.

Сұрақтар мен тапсырмалар
Толықтырыңыз

  • Гербицидтер ____________ жою үшін қолданылады.
  • Фунгицидтер ____________ қарсы әсер етеді.
  • Инсектицидтер ____________ жояды.
Дұрыс/Бұрыс

  • Пестицидтер тек қана пайдалы жәндіктерді жояды.
  • Инсектицидтер саңырауқұлақ ауруларына қарсы қолданылады.
  • Гербицидтер арамшөптерді жояды.
Логикалық сұрақ

Егер пестицидтерді табиғи әдістермен алмастырса, қандай шешімдер ұсына аласыз?

Мысалы: зиянкестерге қарсы табиғи жауларды қолдану (қоңыздар, өрмекшілер), органикалық тыңайтқыштар қолдану.
Made on
Tilda