§11. ферменттердің әсер ету механизмі

Ферменттердің әсер етуі қалай жүреді?
Ферменттер – бұл биохимиялық реакцияларды жылдамдататын ақуыздық катализаторлар. Олар субстрат молекуласымен байланысып, фермент-субстрат кешенін түзеді. Бұл кешенде субстраттың химиялық байланыстары әлсірейді, нәтижесінде ол ыдырап, жаңа өнімдер түзіледі. Фермент реакциядан кейін бастапқы қалпына оралып, басқа субстраттарға әсер ете алады. Осылайша ферменттер реакцияны бірнеше миллион есе тездетеді.
Асқорыту жүйесі
  • Катализ
    • Катализ – бұл химиялық реакцияның жылдамдығын арттыратын, бірақ реакция соңында өзі өзгеріссіз қалатын үдеріс. Катализ кезінде реакцияға қатысушы заттардың энергия шығыны азайып, өнім тез түзіледі
  • Катализатор

    Катализатор – бұл катализді жүзеге асыратын зат. Ол реакцияға қатысып, аралық қосылыстар түзеді, бірақ соңында бастапқы қалпына оралады. Мысалы, ферменттер – тірі ағзадағы биологиялық катализаторлар

Түсінік

Анықтамасы

Мысалы

Катализ

Химиялық реакцияның жылдамдығын арттыру процесі, мұнда катализатор реакция соңында өзгермейді

Асқорытуда пепсиннің әсері

Катализатор

Катализді жүзеге асыратын зат, реакцияға қатысады, бірақ соңында бастапқы күйіне қайтады

Ферменттер (амилаза, липаза)

Катализдік реакциялар
  • Қосылу реакциясы

    А + В → АВ

  • Орынбасу реакциясы

    АВ + СЕ → АС + ВЕ

  • Ыдырау реакциясы

    АВ → А + В

  • РЕАГЕНТТЕР
    Химиялық реакцияға түсетін заттар
  • КАТАЛИЗ
    Катализатор қатысында химиялық реакция жылдамдығын арттыру
  • ФЕРМЕНТТЕР
    Биологиялық катализаторлар
  • ӨНІМДЕР
    Реакция нәтижесінде түзілетін заттар
Фермент механизміне қатысы жоқ терминді табыңыз
    • Субстрат
    • Активті орталық
    • Катализ
    • Митохондрия
    • Энзим
    • Активтену энергиясы
    • Субстрат кешені
    • Рибосома
  • Катализатор
    Өнім
    Активті сайт
    Лизосома
Құпия сөзді аш

Фермент пен ____________ байланысып, ____________ түзеді. Кейін өнімдер бөлініп, фермент қайта ____________ қалады.

Жалғастыр


Ферменттер активті орталығының формасы субстратқа дәл сәйкес келеді, өйткені…

Сөйлемдерді жалғастырыңыз
Ферменттер активті орталығының формасы субстратқа дәл сәйкес келеді, өйткені…
олар кілт пен құлып сияқты бір-біріне үйлесімді
Фермент реакциядан кейін өзгермейді, себебі…
ол тек катализатор рөлін атқарып, реакция өнімдеріне кірмейді
Фермент пен субстрат кешен түзіп, кейін…
субстрат өнімге айналады да, фермент қайта бос қалады
Температура тым жоғары болса, ферменттің әсері тоқтайды, өйткені…
ақуыз құрылымы бұзылып, денатурация жүреді
Made on
Tilda