§13. жасуша мембранасы арқылы белсенді және енжар тасымалдаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Бұл заттардың жасуша мембранасы арқылы концентрация градиентіне қарсы (төмен концентрациядан жоғары концентрацияға) өтуі. Ол үшін энергия (АТФ) жұмсалады. Мысалы: натрий-калий насосы.
Бұл заттардың мембрана арқылы энергиясыз, концентрация градиенті бойынша (жоғарыдан төменге) өтуі. Мысалы: қарапайым диффузия, осмос
Салыстыру критерийі | Белсенді тасымал | Енжар тасымал |
Энергия шығыны | Қажет (АТФ жұмсалады) | Қажет емес |
Бағыты | Концентрация градиентіне қарсы | Концентрация градиенті бойынша |
Мысалдар | Натрий-калий насосы, протондық насос | Диффузия, осмос |
Тасымал түрі | Ақуыз тасымалдаушылары (насостар) | Қарапайым немесе жеңілдетілген |
Қажетті жағдай | Белсенді жұмыс істейтін тасымалдаушы | Тек концентрация айырмасы |
Пиноцитоз
бұл жасушаның сұйықтықтағы еріген заттарды немесе ұсақ тамшыларды сіңіруі
Фагоцитоз
бұл жасушаның қатты бөлшектерді (мысалы, бактерияларды немесе тамақ қалдықтарын) «қармап алып», ішіне сіңіруі.
Жасушалық тасымал
бұл заттардың жасуша мембранасы арқылы бір жақтан екінші жаққа өту процесі