§14. сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері

ТРАНСПИРАЦИЯ ДЕГЕН НЕ?
Транспирация – бұл өсімдіктердің жапырақтары мен басқа да жасыл бөліктері арқылы су буының булануы.
Ол негізінен устьицелер арқылы жүреді, ал аз бөлігі кутикуладан өтеді. Транспирация өсімдікте су айналымын реттейді, артық судан құтылуға және қоректік заттардың тасымалдануына көмектеседі.
Сондай-ақ ол өсімдікті салқындатады және су бағанын топырақтан жапырақтарға дейін ұстап тұруға әсер етеді.
Транспирацияға әсер ететін факторлар
  • АУАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ФАКТОРЛАР
    • Ауа температурасы – жоғарылаған сайын транспирация артады.
    • Ауаның ылғалдылығы – төмендеген сайын транспирация күшейеді.
    • Жел – ауада су буын алмастырып, булануды арттырады.
    • Ауаның қысымы – төмен қысымда булану жылдамдығы артады.
  • СУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ФАКТОРЛАР
    • Топырақтағы су қоры – жеткілікті болса, транспирация қалыпты жүреді.
    • Өсімдіктің су сіңіру қабілеті – жақсы сіңірсе, булану да тұрақты болады.
    • Тамыр жүйесінің жағдайы – әлсіз тамыр суды аз сіңіреді, сондықтан транспирация да төмендейді.
БУЛАНДЫРАТЫН БЕТ АУДАҒЫ
  • БҰЛ НЕ?

    бұл өсімдіктің жапырақ, сабақ және басқа да органдарының беткі қабатының жалпы ауданы

  • БУЛАНУ ҚАЛАЙ ЖҮРЕДІ?

    Буландыратын бет ауданы үлкен болған сайын, өсімдіктен судың булануы қарқынды жүреді. Мысалы, ірі жапырақты өсімдіктер (күнбағыс, емен) суды кішкентай жапырақты өсімдіктерге қарағанда көбірек жоғалтады.

  • ТРАНСПИРАЦИЯҒА ӘСЕРІ

    Үлкен бет ауданы → судың көбірек булануы

    Кішкене бет ауданы → судың аз жоғалуы
БУЛАНУ БОЙЫНША САНДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
  • Лептесік жапырақ ауданының бар-жоғы 1%-ын ғана алса да, олар өте көп су буландырады. Қайың ағашын жақсы суарса және орташа температура кезінде күніне 60 литр, ал емен 50 литр су буландыра алады

  • Ғалымдар 1 гектар шырша орманы жылына 2240 тонна су буландыратынын есептеді. Қарағай едәуір аз - жылына 470 тонна, ал емен шамамен 1200 тонна су буландырады

  • Жапырақтағы лептесік мөлшері де маңызды көрсеткіш. Бидайдағы лептесік мөлшері 1 см2-де 1500, ал күнбағыста - 150-250, үрмебұршақта - 300, ал үйеңкіде - 550
Made on
Tilda