Тақырып: §4 Көмірсулар мен липидтер. Олардың қасиеті мен қызметі
Көмірсулар қандай заттар?
Көмірсулар фотосинтез үдерісінде жасыл өсімдік жасушаларында түзіледі.
Ең кең таралған көмірсу – глюкоза С6Н12О6. Ол фотосинтез барысында түзіледі.
Жануар және өсімдік жасушаларында майлар болады. Олар үшатомды спирт – глицериннің бір молекуласынан және май қышқылдарының үш молекуласынан тұрады.
Жасушаларда майлардан басқа майтәрізді заттар – липидтер болады. Молекуласында май қышқылының бір молекуласын фосфор қышқылының қалдығы алмастыратын күрделі липидтер фосфолипидтер деп аталады. Олар жасуша мембранасының негізін құрайды.
Ойшылдың кілттері
Кері ойлау кілті: Көмірсулар мүлдем болмағанда не болар еді?
Адам ағзасындағы энергия көзі ретінде көмірсулар болмаса, қандай қиындықтар туындайды? Қандай тағам түрлері жоғалар еді?
Егер де... кілті: Егер глюкоза судың орнына ауада еритін болса, не өзгерер еді?
Биохимиялық процестерге, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіне әсерін сипатта
Кемшіліктер кілті: Көмірсулардың ағзаға әсерінде қандай кемшіліктері болуы мүмкін?
Артық немесе кем болғандағы әсерін сипатта
Әріп кілті: Көмірсуға байланысты әр әріптен басталатын сөздер немесе ұғымдар ойлап тап
Сурет кілті: Глюкоза молекуласы "адам" немесе "кейіпкер" болса, қандай сипатта болар еді?
Глюкозаға мінездеме жаз және суретін сал (мысалы: «Күш пен энергия сыйлайтын батыр»).
Ұқсастық кілті: Көмірсу мен батарея арасында қандай ұқсастық бар?