Гүл — жабықтұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі. Ол тозаңдану, ұрықтану, тұқым мен жеміс түзу қызметін атқарады.
Гүлдің негізгі бөліктері:
Гүлсағақ– гүлді сабақпен байланыстырады.
Гүлтабан– гүлдің барлық бөліктері орналасатын түпкі бөлігі.
Тостағанша жапырақша– гүлдің сыртын қорғайды, көбіне жасыл түсті болады.
Күлте жапырақша– ашық түсті, хош иісті бөлік
Аталық– көбеюге қатысады.
Аналық– көбеюге қатысады.