Тақырып: §7 Саңырауқұлақтар – тірі ағзалардың ерекше патшалығы
САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Саңырауқұлақтар – өсімдіктердің де, жануарлардың да белгілері бар, бірақ олардың екеуіне де жатпайтын ерекше ағзалар.
Саңырауқұлақтар
Зең саңырауқұлақтары
Көпжасушалы. Нанның, ірімшіктің немесе жемістің бетінде пайда болады. Кейбірі зиянды, кейбіреуі пайдалы. Мысалы, пеницилл – көгерген ірімшіктерде кездеседі және одан антибиотик алынады. Ал мукор – тағам өнімдерін бүлдіреді
Ашытқы саңырауқұлақтары
Біржасушалы ағзалар. Олар қоректену кезінде қантты ашытып, көмірқышқыл газы мен спирт бөледі. Ашытқылар бүршіктену арқылы көбейеді және ылғалды, жылы ортада тез өседі.
Көпжасушалы ағзалар. Олардың жемісті денесі қалпақ және түбіртектен тұрады. Олар негізінен қалпақ астындағы арнайы жасуша қабатында пісіп-жетілген споралар арқылы көбейеді.
Қалпақшалы саңырауқұлақтар жеуге жарамды және улы болып бөлінеді. Жеуге жарамды саңырауқұлақтардың құрамында алуан түрлі нәруыздар болғандықтан, олар өте құнды тамақ болып табылады. Бірақ улы саңырауқұлақтармен улану адам өміріне қауіпті. Сондықтан тамаққа таныс емес және күмән туғызатын саңырауқұлақтарды пайдалануға болмайды