§2. Табиғи қоректік тізбек

Биоценоз деген не?
Тірі организмдер бір-бірімен өзара байланыста және үнемі қоршаған ортамен әрекетте болады. Белгілі бір аумақты мекендейтін әртүрлі түрлерден тұратын организмдер тобы бірлестік немесе биоценоз түзеді. Биоценоз қоршаған орта факторларымен тығыз байланысты, зат және энергия алмасуы жүретін құрамбөліктермен бірлесіп тұрақты жүйе түзеді.
Энергия алу тәсіліне байланысты ағзалардың жіктелуі
  • АВТОТРОФТАР
    Өз қорегін өздері жасайтын ағзалар.
    Мысалы: жасыл өсімдіктер, балдырлар, кейбір бактериялар (фотосинтез, хемосинтез арқылы органикалық зат түзеді).
  • ГЕТЕРОТРОФТАР
    Дайын органикалық затпен қоректенетін ағзалар.
    Мысалы: жануарлар, саңырауқұлақтар, адам, көпшілік бактериялар.
Барлық тірі организмдерді бір-бірінен белгілі бір қоректік тәуелділікте болатын бірнеше топтарға бөлуге болады. Олар: өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактериялар. Бұл қоректік байланыстар басқаша қоректік тізбек деп аталады.
Қоректік тізбек бұл өзара байланысты организмдер қатары, онда алдыңғы организмдер кейінгі организмдердің қорегі ретінде пайдаланылады
«Дұрыс-Бұрыс»

Төмендегі тұжырымдарға «Дұрыс» немесе «Бұрыс» деп жауап беріңіз:
1️⃣ Қоректік тізбектің алғашқы буыны – тұтынушылар.
2️⃣ Бөлшектенушілер (редуценттер) өлі ағзалармен қоректенеді.
3️⃣ Екінші реттік тұтынушылар тек өсімдіктермен қоректенеді.
4️⃣ Қоректік тізбек табиғаттағы заттар айналымын қамтамасыз етеді.




Жауабы:
1️⃣ Бұрыс
2️⃣ Дұрыс
3️⃣ Бұрыс
4️⃣ Дұрыс
Made on
Tilda