§3. Қоректік торлар

Қоректік тор – табиғаттағы ағзалардың бір-бірімен қоректену арқылы байланысқан жүйесі.

Табиғатта бір жануар тек бір ғана азықпен қоректенбейді.
Бір өсімдікті бірнеше жануар жей алады, ал оларды басқа жыртқыштар жейді. Осылайша бірнеше қоректік тізбектер өзара байланысып, қоректік тор құрайды.
Мысалы: Шөп → қоян → түлкі.
Шөп → шегіртке → торғай → жылан.
Түлкі мен жылан да өзара байланысты.
Қоректік жүйелердің болуы экожүйелердің айтарлықтай тұрақтылығын камтамасыз етеді. Егер орта жағдайларының өзгеруіне байланысты қандай да бір өсімдік түрінің сан мөлшері күрт төмендесе, онымен қоректенетін жануарлардың саны шамалы ғана төмендейді, себебі олар баска қорек көзіне ауысады.
Ал жыртқыш жануарларға бұл жағдай ешқандай әсер етпеуі мүмкін, өйткені олардың қорек қоры өзгермейді десе де болады.
Экологиялық пирамиданың әр деңгейінің көрсеткіші оның алдыңғысынан 10 есеге жуық төмен болады. Экологиялық пирамиданың әр деңгейінен келесіге энергияның 10%-ға жуығы өтеді. Бұл жағдай 5 буынды қоректік тізбектің соңғы 5-буыны өсімдіктерде қорға жинақталған энергияның тек 0,01%-ын ғана қабылдайтынын көрсетеді. Осы себепті қоректік тізбектердін ұзындықтары шектеулі болады құрлық биоценоздарында, әдетте, 3-5 буындық тізбектер кездеседі. Осының негізінде экологиялық пирамидаларды құрастырады.

Ауыл экожүйесіндегі өзгеріс
Бір ауылда соңғы жылдары қасқырлар саны қатты азайып кеткен. Осыдан кейін қояндар саны күрт көбейіп, ал дала шөптері жыл сайын азая бастаған. Ауыл тұрғындары бұл өзгерістердің егінге де әсер етіп жатқанын байқады.
Сұрақтар:
  • Қоректік торда қасқырдың азаюы қандай тізбекті өзгерістерге әкелді?
  • Қояндар санының артуы шөптердің санына неге әсер етті?
  • Бұл экожүйедегі тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін қандай шара қолдануға болады?
Бос орынды толтыр
Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз:
1. Қоректік тор – табиғаттағы __________ арасындағы байланыстар жүйесі.
2. Өсімдіктер – экожүйедегі __________.
3. Жыртқыштар – бұл __________ реттік тұтынушылар.
4. Өлі органикалық заттарды ыдырататын ағзалар __________ деп аталады.
Made on
Tilda