§7. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының өсімдіктері мен жануарлар әлемі

Қорықтар дегеніміз не?
Қорықтар - бұл табиғи нысандар, ерекше қорғалатын аумақтар, онда кез-келген шаруашылық іс-әрекетке: құрылыс жүргізу, пайдалы қазбаларды өндіру, ормандарды отау, мал жаю және т.б. тыйым салынған.
Қорықтар - бұл жабайы табиғаттың өзіндік ерекше эталоны. Онда адамдардың қолы тимеген, сол қалпында қалған географиялық аудандарға тән табиғат бөліктері мен сақталған кәсіптік құнды (бағалы) немесе ғылыми маңызы бар өсімдіктер мен жануарлар түрлері қорғалады. Олар жан-жақты зерттеледі. Мұнда ғылыми жұмыстар табиғатқа зиян келтірмей жүргізіледі.
Қазақстан аумағында 10 қорық бар
  • Ақсу-Жабағылы (Оңтүстік Қазақстан облысы) -Қазақстанда ең алғашқы құрылған қорық. Алматы облысындағы Іле Алатауының беткейінде Алматы қорығы орналасқан.
  • Наурызым қорығы Қостанай облысының аумағында орналасқан. Марқакөл қорығы (Шығыс Қазақстан облысы) Алтай
    сілемдері және Марқакөл көлдерінің аумағында орналасқан.
  • Алакөл қорығы (Алматы облысы) сулы-батпақты ландшафтыны қамтиды.
    Үстірт қорығы (Манғыстау облысында) өзі аттас үстіртте орналасқан.
  • Батыс Алтай қорығы (Шығыс Қазақстанда) аралас, қарағайлы, тайга сияқты бірнеше орман түрлерінің орын тебуімен ерекшеленеді.
     Барсакелмес қорығы Арал теңізінде орналасқан.
  • Қаратау қорығы - ең жас қорық. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Тек осы қорықта ғана шренк тобылғысы, грейг қызғалдағы, бекарин терегі сияқты эндемиктер, (яғни, өте сирек өсімдіктер) өседі.
  • Ұлттық табиғи саябақтар -табиғат қорғау жұмыстарымен бірге туризмді дамыту жұмыстары қоса жүргізілетін ерекше қорғалатын аумақ. Елімізде соңғы жылдары Шарын, Сайрам-Өгем, Көлсай көлдері, Жетісу Алатауы, Бұйратау табиғи саябақтары ұйымдастырылған.

Сәйкестендіру тапсырмасы

Қорықтар

Ерекше өсімдіктер/жануарлар

A) Наурызым қорығы

1. Қарақұйрық, қара сексеуіл

B) Қорғалжын қорығы

2. Қоқиқаз, аққу, қамыс

C) Барсакелмес қорығы

3. Қарақұйрық, сексеуіл

D) Алматы қорығы

4. Іле барысы, Шренк шыршасы

Made on
Tilda