§8. Жергілікті аймақтың Қызыл кітапқа енгізілген жануарлары мен өсімдіктері
Қызыл кітаптың бірінші нұсқасы 1963 жылы шықты және ол сырт көзге қағаздар жинағы ретінде көрінді. Әр түрге жеке бір парақ қағаз берілді, онда түрдің атауы, оның статусы, таралуы, саны, жойылып кету себебі және оны сақтап қалу бойынша ұсыныстар көрсетілді.
Қазақстанның омыртқалы жануарларға арналған Қызыл кітабының толықтырылған және өң-делген төртінші басылымы 2010 жылы жарық көрді. Онда омыртқалылардың 128 түрі тіркелген. Олардың 1 түрі дөнгелекауыз-дыларға, 17 түрі сүйекті балықтарға, 3 түрі қосмекенділерге, 10 түрі жорғалаушыларға, 57 түрі құстарға және 40 түрі сүтқоректілерге жатады.
Қазақстан Қызыл кітабына енген жануарлар тізімінде сұңқылдақ аққу, қарақұйрық, барыс, ақбас тырна бар.
Өсімдіктерден тянь-шань шыршасы , қылша (эфеда) , арша, қызғалдақтардың түрлері, алтын тамыр, актерек, жабайы алма, қара және ақ сексеуіл енген.
Әсер етуші түрі | Тапсырма |
A) Недзвецкий алмасы (Жоңғар Алатауы) | 1) Тау аймағына тән реликтті және эндемик өсімдік |
B) Іле барысы (Іле-Алатау)—қар барысы | 2) Қазақстанның таулы жазықтарында өмір сүретін жойылып бара жатқан жыртқыш |
C) Барбус кілемшесі (Тянь‑Шань балық түрі) | 3) Тек Тянь‑Шань су жүйелерінде өмір сүретін сирек балық |
D) Қоқиқаздар (Қорғалжын қорығы) | 4) Батпақты экожүйеде мекендейтін, халықаралық деңгейде қорғалатын құс |