§10. Тірі организмдердің патшалықтарына жалпы сипаттама

Осы оқу жылында тірі организмдердің 5 патшалығын оқып- үйренеміз: вирустар және фагтар, бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар.
  • Вирустар

    Вирустар - бұл паразиттер, олар тек тірі жасушаларда ғана тіршілік етіп көбейе алады. Анығырақ айтқанда, жасуша өзінің қоректік заттарының есебінен вирустарды көбейтеді.

  • Бактериялар

    Бактериялар - прокариоттар, жердің ең ертедегі қоныстанушылары, олар екі миллиард жылдан бері тіршілік етуде. Ғалымдарға олардың 2500-ге жуық түрі белгілі. Бактериялар - ядросы жоқ жасушалық құрылымды организмдер.

  • Саңырауқұлақтар

    Саңырауқұлақтар біржасушалы және көпжасушалы болады. Олардың барлығы эукариоттар болып табылады, яғни жасушаларында цитоплазмадан арнайы қабықшамен бөлінген ядросы бар.

  • Өсімдіктер

    Өсімдіктер - фотосинтез процесі барысында қоректенудің өзіндік тәсілімен және жер бетіндегі барлық тірі организмдерге қажетті оттекті бөліп шығаруымен сипатталатын организмдер патшалығы.

  • Жануарлар

    Жануарлар патшалығы 2 млн-ға жуық түрлері бар сансыз көп организмдер тобы. Жер бетінде тіршілік ететін жануарлар мөлшері, дене пішіні бойынша алуан түрлі болып келеді.

  • Жануарлар

    Жануарлардың басым көпшілігі де (қарапайымдар) көпжасушалылар, алайда біржасушалы түрлері кездеседі.

Топтық тапсырма. “Патшалық плакаты”
Әр топ бір патшалықты таңдап, оның сипаттамасын, тіршілік ортасын және мысалдарын көрсететін постер немесе слайд жасаңыз.

Қамтитын ақпарат:
✔ Патшалық атауы
✔ Құрылымдық ерекшеліктері
✔ Қоректену түрі
✔ Қазақстанда кездесетін өкілдері
✔ Суреттер немесе сызбалар
Made on
Tilda