§2. табиғатты бақылау және өлшем жүргізу

Табиғатты оқып-үйренудің негізгі әдісі табиғатта бола-тын құбылыстар мен үдерістерді мұқият бақылау. Бақылаудың нәтижесінде біз өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі, жыл маусымдарына байланысты ауа райының өзгерісі туралы білімімізді толықтырамыз

  • Тәжірибе деген не?
    табиғаттағы құбылысты немесе үдерісті зерттеу үшін арнайы жасалатын бақылау. Басқаша айтқанда, ғалымдар бір жағдайды өзгертіп, соның нәтижесін тексереді
  • Мысал
    Мұғалім өсімдікке су беруді тоқтатып, оның бірнеше күннен кейін қурап қалғанын бақылайды. Бұл – өсімдіктің өсуі үшін су қажет екенін дәлелдейтін тәжірибе
Зерттеу жүргізуге арналған құралдар
Телескоп
аспандағы жұлдыздар мен планеталарды үлкейтіп көрсету үшін қолданылатын құрал
Желбағар
желдің бағытын анықтайтын құрал
Термометр
ауаның, судың немесе дененің температурасын өлшейтін құрал
Микроскоп
өте кішкентай заттарды үлкейтіп көрсету үшін қолданылатын құрал
Гигрометр
ауадағы ылғалдылықты өлшейтін құрал
Метеоспутник
ғарыштан ауа райын бақылап, Жер туралы мәлімет жіберетін жасанды серік
Метеозонд
ауа райын зерттеу үшін атмосфераға жіберілетін арнайы аспап (әуе шарының үстіне бекітіледі)

Дұрыс/Бұрыс

  • Телескоп ауаның ылғалдылығын өлшейді.
  • Метеоспутник жердің ауа райын бақылайды.
  • Термометр температураны өлшейді.
  • Желбағар жұлдыздарды зерттейді.
  • Микроскоп микробтарды үлкейтеді.
Made on
Tilda