§9. Жүйелеудің маңызы

ЖҮЙЕЛЕУ ДЕГЕН НЕ?
Өсімдіктердің, жануарлардың көптүрлілігін бағдарлайтын жүйелеу (систематика) ғылымының мақсаты - өсімдіктер мен жануарларды әртүрлі топтарға жіктеу. Бұл жаңадан ашылған түрлерді жалпы жүйеде өз орнына орналастыруға көмектеседі. Демек, оларды топтарға біріктіреді — жіктейді.
  • ТҮР

    Tүp - құрылысы, тіршілік ету ортасы ұқсас, өзара шағылысып ұрпақ бере алатын және белгілі аумаққа қоныстанған даралар жиынтығы.
  • ПОПУЛЯЦИЯ

    Популяция белгілі бір ареалда ұзақ уақыт басқа популяциялардан оқшау тіршілік ететін, бір түрге жататын даралар тобы.
Жүйелеудің негізгі бірлігі ретінде түр ұғымын ғылымға енгізген швед ғалымы Карл Линней (1707-1778 жж.) болды. Ғалымдар жаңа түрлерді ашып сипаттады және оларға атау берді.
К.Линней әрбір түрге екі сөзден тұратын латын атауын берді. Атаудың бірінші сөзі зат есім, ол жануардың белгілі бір - туысқа жататынын (мысалы, "шағала"білдіреді, атаудын екінші сөзі сын есім, түр анықтамасын ("көл") береді. Нәтижесінде белгілі құстың көл шағаласының - түр атауы анықталады.
Жақын түрлерді бір туысқа біріктіреді. Мысалы, қарға, құзғын, шауқарға және ұзақ қарғалар туысына біріктірілген. Жақын туыстарды тұқымдасқа біріктіреді - қарға туысы, сауысқан туысы, жорғаторғай туысы, самырсын туысы қарғалар тұқымдасына біріктірілген. Өз кезегінде жақын тұқымдастарды отрядқа біріктіреді. Көкшымшық тұқымдасы, қарғалар тұқымдасы, қарлығаштар тұқымдасы торғайтәрізділер отрядына жатады.
Жақын кластар типке біріктірілген. Құстар класы, қосмекенділер класы, сүтқоректілер класы желілілер (хордалылар) типіне жатады. Қазіргі кезде жануарлардын 25 типін ажыратады. Бұлардың барлығы жануарлар патшалығына біріктірілген. Жануарлардың заманауи жіктелуі олардың арасындағы туыстық, эволюциялық қатынасты көрсетеді.

Төмендегі тіркестерді дұрыс анықтамамен сәйкестендіріңіз:


Ғалымдар

Үлесі

A) Карл Линней

1) Эволюция теориясын ұсынды

B) Ч. Дарвин

2) Бинарлық номенклатура жүйесін енгізді

C) А. Ван Левенгук

3) Алғаш рет микроскоппен тіршілік иелерін зерттеді

D) Ж.Б. Ламарк

4) Түрлердің дамуындағы ортаның рөлін көрсетті

Дұрыс/бұрыс тұжырымдарды белгіле
Made on
Tilda