§11. шАРТТЫ БЕЛГІЛЕР

Шартты белгілер – бұл карталарда әртүрлі нысандарды (тау, өзен, жол, орман, қала т.б.) көрсету үшін қолданылатын арнайы таңбалар, сызықтар немесе түстер. Яғни, шартты белгілер – картадағы заттарды кішірейтіп, жеңіл түсіндіретін “таңбалар тілі”.
ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
  • МАСШТАБТЫ
    Бұл үлкен нысандарды (орман, қала, көл, егістік) картада масштабпен сәйкес көрсететін белгілер. Мысалы: көлдің пішіні картада нақтылай салынады.
  • МАСШТАБСЫЗ (НҮКТЕЛІК)
    Масштабпен көрсетуге келмейтін ұсақ нысандарды белгілеу үшін қолданылады. Бұл белгілер жер бетіндегі нысандардың нақты пішіні мен өлшемін көрсетпейді, тек олардың картадағы орнын анықтайды. Мысалы, зауыт, көпір, пайдалы қазбалы кен орындары
  • СЫЗЫҚТЫҚ
    Бұл ұзын және жіңішке нысандарды көрсету үшін сызықтар қолданылады. Мысалы: жолдар, өзендер, теміржолдар, электр желілері
  • ТҮСІНДІРМЕ
    Түсіндірме шартты белгілер – жергілікті жер картасындағы нысандарға қосымша сипаттама береді. Мысалы: көпірдің ені, ұзындығы, жүк көтергіштігі; жолдың ені мен төсемі; ормандағы ағаштардың қалыңдығы мен биіктігі; өзеннің тереңдігі мен сипаты.
Дұрыс/Бұрыс

  • Шартты белгілер картаны түсінуді жеңілдетеді.
  • Нүктелік белгілер үлкен ормандарды көрсетуге арналған.
  • Алаңдық белгілер көлдер мен батпақтарды көрсету үшін қолданылады.
  • Сызықтық белгілерге өзендер мен жолдар жатады.
Шығармашылық тапсырма

Өзің тұратын аумақтың сызбасын жаса.
  • Шартты белгілерді қолданып, негізгі нысандарды көрсет (үй, жол, өзен, орман)

  • Масштабты және бағыт көрсеткішін қосуды ұмытпа.
Сен картограф болсаң, қиялыңдағы аралдың картасын жаса. Оған шартты белгілерді қолдан, атаулар ойлап тап.
Made on
Tilda