§15. адамдардың жер бетіне таралып орналасуы
Алғашқы адамдар азығын табу үшін ұдайы қозғалыста өмір сүрді. Сондықтан да бір жерде тұрақты қоныстанып отырмаған. Көбінесе өзен-судың жағасында қоныстанған. Себебі, суға келген аңдарды аулаған. Алғашқы адамдардың мекендеген орнын қоныс деп атады
  • Суық дәуір және адамның азаюы
    74 мың жыл бұрын Жерде ауа температурасы күрт төмендеп, ұзақ суық кезең болды. Бұл жануарлардың көп түрінің жойылуына және адамдар санының азаюына әкелді.
  • Қоныстанудың басталуы
    Уақыт өте келе адамдар Антарктидадан басқа барлық материктерге тарай бастады. Алдымен Африка мен Еуразияның қолайлы аймақтарын игерді.
  • Африкадан Азияға және Аустралияға
    60 000 жыл бұрын қазіргі адамдар Африкадан Азияға өтті, кейін Оңтүстік-Шығыс Азия арқылы Аустралияға жетті.
  • Америка құрлығына қоныстану
    35 000 жыл бұрын Беринг бұғазы арқылы Солтүстік Америкаға өтті. Сол кездегі құрлық көпірі арқылы Еуразия мен Солтүстік Америка жалғасып тұрған. 15 000 жыл бұрын адамдар Оңтүстік Американың оңтүстігіне дейін жетті.

Адамдар Тигр, Үнді, Евфрат, Ніл өзендерінің жағалауында көбірек шоғырланды. Алғашқы өркениет осы жерлерден басталды. Өркениет жабайылықтың орнын басқан, адам-зат дамуының жоғарырақ тарихи кезеңі. Сондықтан да өзен жағалауы өркениеті деп аталды

Адамзат қауымдастығы (популяция) деген белгілі бір аумақта қоныстанған адамдар тобы

Хронологиялық ретпен орналастыр:

  • Адамдар Беринг бұғазы арқылы Солтүстік Америкаға өтті.
  • Суық кезеңде көптеген жануарлар жойылды.
  • Адамдар Африкадан Азияға көшті.
  • Адамдар Оңтүстік Американың оңтүстігіне жетті.

«Егер мен ежелгі көшпенді болсам…» тақырыбында шағын әңгіме жаз немесе сурет сал. Қай жерден қай жерге қоныс аударар едің? Неге?

Made on
Tilda