Кез келген затты өзіне тән айрықша қасиеттеріне қарай анықтауға болады. Қасиет заттарды немесе материалдарды анықтау барысында бір-бірінен ажырату ерекшелігі. Оны көруге, иіскеуге, дәмін татуға болады. Мысалы, физикалық қасиет-ке заттың пішіні, түсі, иісі, еруі, балқу температурасы және тығыздығы жатады.
Бұл – заттың сыртқы белгілері мен күйі, яғни оны өзгерткенде жаңа зат пайда болмайды.
Мысалдар:
Судың мөлдір және сұйық болуы.
Темірдің қатты, салмағы ауыр болуы.
Мұздың еруі (мұз → су).
Есте сақта! Физикалық қасиеттерде заттың құрамы өзгермейді, тек пішіні, түсі, күйі өзгереді.
Химиялық қасиеттер
Бұл – заттың басқа заттармен әрекеттесіп, жаңа затқа айналу қабілеті.
Мысалдар:
Темірдің тот басуы (темір → темір оксиді).
Қанттың отта күйіп, қара күйеге айналуы.
Отынның жануы (отын → газдар мен күл).
Есте сақта! Химиялық қасиеттер кезінде зат толық өзгереді және жаңа зат пайда болады.
Иә/Жоқ
Шығармашылық тапсырма
«Қатты, сұйық, газ» тақырыбында сурет салып, әр заттың молекула құрылымын көрсет.
Күйін анықта