Таза заттар тұрақты физикалық қасиеті бар заттар. Таза
зат табиғатта болмайды, болған жағдайда да өте сирек кездеседі. Таза заттардың тұрақты құрамы немесе құрылымы (тұз, қант) болады. Таза заттар элемент немесе қоспа болуы мүмкін.
Бұл – заттың сыртқы белгілері мен күйі, яғни оны өзгерткенде жаңа зат пайда болмайды.
Мысалдар:
Судың мөлдір және сұйық болуы.
Темірдің қатты, салмағы ауыр болуы.
Мұздың еруі (мұз → су).
Есте сақта! Физикалық қасиеттерде заттың құрамы өзгермейді, тек пішіні, түсі, күйі өзгереді.
Химиялық қасиеттер
Бұл – заттың басқа заттармен әрекеттесіп, жаңа затқа айналу қабілеті.
Мысалдар:
Темірдің тот басуы (темір → темір оксиді).
Қанттың отта күйіп, қара күйеге айналуы.
Отынның жануы (отын → газдар мен күл).
Есте сақта! Химиялық қасиеттер кезінде зат толық өзгереді және жаңа зат пайда болады.
Иә/Жоқ
Шығармашылық тапсырма
«Қатты, сұйық, газ» тақырыбында сурет салып, әр заттың молекула құрылымын көрсет.
Күйін анықта