§21. Еритін және ерімейтін заттар
  • Еру

    Қатты немесе газ тәрізді заттың сұйықтықта бөлшектерге ыдырап, ерітінді түзуі. Мысалы: Қантты суға салғанда оның бөлшектеніп кетуі - еру

  • Ерігіштік

    Заттың сұйықтықта (еріткіште) еру қасиеті. Мысалы: Қанттың суда жақсы еруі оның ерігіштігі жоғары екенін көрсетеді.

  • Еріткіш
    Басқа заттарды еріте алатын сұйықтық. Мысалы: Суда қант ерігенде су – еріткіш болады.

Заттардың суда еру ерекшеліктері


Заттың түрі

Мысалдар

Ерекшелігі

Жақсы еритін заттар

Қант, тұз, лимон қышқылы

Суда тез және толық ериді

Баяу еритін заттар

Бор, гипс

Суда баяу ериді, толық ерімеуі мүмкін

Іс жүзінде ерімейтін заттар

Құм, май, темір ұнтағы

Суда мүлде ерімейді

Концентрация деген не?
  • Араластырылған ерітінді - еріген заттары аз ерітінді

    Калий бромидінің 1%-дық ерітіндісі араластырылған ерітінді дейміз.
  • Концентрацияланған ерітінді - құрамында еріген заттарының көп болуы.

    Калий бромидінің 32%-дық ерітіндісін концентрациялы дейміз.
Металл және металл еместер
Металл– жылтырайды, электр тогын және жылуды жақсы өткізеді, иілгіш және созылғыш болады.


Мысалдар: темір, мыс, алтын.
Металл еместер – жылтырамайды, жылу мен электр тогын өткізбейді, нәзік және сынғыш болуы мүмкін.


Мысалдар: оттегі, көміртек, күкірт.
№5 сарамандық жұмыс
Затты бөліп алу. Көмірқышқыл газын және жылуды алу
Құрал-жабдықтар мен заттар
Түбі конус тәрізді шұңғыл, отқа төзімді ыдыс, таразы. 20-30 грамм ерімеген әктас, стақан су.
Қауіпсіздік ережелерімен танысу
1.Көзге ерітінді тамшыламас үшін арнайы көзілдірік кию.
2. Ауадағы булардан тыныс жолдарын қорғау үшін респиратор қолдану.
3. Ұзын жеңді жұмыс киімі мен резеңке қолғап кию.
4. Шашыраған бөлшектерден қорғау үшін металл ыдысты пайдалану (200–300°C температураға төзімді).
5. Ашық ауада немесе желдеткіші бар жерде жұмыс істеу.
Әктасты суда еріту кезіндегі сақтық
Әктасты суға салғанда көп жылу мен көмірқышқыл газы бөлінеді, бұл суды қайнатуы мүмкін. Сондықтан:
Көзілдірік, респиратор, қолғап, ұзын жеңді жұмыс киімін кию.
200–300°C-қа төзімді металл ыдыс қолдану.
Ашық ауада немесе желдеткіші бар жерде жұмыс істеу.
Қорытынды
Реакцияны жазу, қорытындылау
Сәйкестендіріңіз

Қауіпсіздік ережесі

Неге қажет?



Көзілдірік кию

а) Тыныс жолын қорғау үшін

Респиратор қолдану

б) Көзге тамшы түспеуі үшін

Металл ыдыс қолдану

в) Жоғары температураға шыдауы үшін

Иә/Жоқ
Made on
Tilda