Табиғаттағы барлық денелер мен заттар физикалық және химиялық құбылыстардың ықпалында болады. Бұл құбылыстар заттардың пішіні мен қасиеттерін өзгертеді.
Физикалық құбылыстың мысалдары
Мұздың бөлме температурасында еруі, судың булануы және қайтадан суға айналуы – физикалық құбылыстарға жатады. Мұнда заттың құрамы өзгермейді, тек күйі өзгереді.
Химиялық құбылыстың мысалдары
Парафиннің жануы, шөптің шіруі, сүттің ашуы және асқазандағы астың қорытылуы – химиялық құбылыстарға жатады. Бұл кезде жаңа зат түзіледі, иіс пен түс өзгереді, жылу және жарық бөлінеді.
Қауіпсіздік ережелері
Химиялық заттармен жұмыс істегенде:
Қорғаныш көзілдірік пен қолғап кию
Тыныс алу жолдарын қорғау
Желдетілетін орында жұмыс жасау
Отқа және жылуға жақындатпау
Қорытынды
Физикалық құбылыстарда зат тек күйін өзгертеді (мысалы, балқу, булану), ал химиялық құбылыстарда жаңа заттар түзіледі (мысалы, жану, ашу). Химиялық құбылыстар химиялық реакциялар деп аталады.
№6 сарамандық жұмыс Химиялық реакцияның белгілерін бақылау. Физикалық құбылыстарды зерттеу
Қорытынды: Майшамның құрамында көміртегі болғандықтан, жанған кезде қара күйе бөлініп шығады.
Бір стақанға суық су, екіншісіне ыстық су құйыңдар. Әрқайсысына бір шай қасық қант қосып, араластырыңдар. Нені байқадыңдар?
Қорытынды: Қанттың еру уақыты неге байланысты?
Бірдей биіктіктен бір бет қағазды және қаламсапты еденге жоғарыдан тастаңдар. Нені байқадыңдар?
Қорытынды: Заттың түсу жылдамдығы неге байланысты?
Дұрыс/Бұрыс
1. Судың булануы – химиялық құбылыс. 2. Шөптің шіруі – химиялық құбылыс. 3. Металдың балқуы кезінде жаңа зат түзіледі. 4. Сіріңкенің жануы – физикалық құбылыс.
Толықтыр
Табиғаттағы денелердің пішіні мен қасиетін өзгерту – __________ құбылыс.
Заттың құрамы өзгеріп, жаңа зат түзілсе – __________ құбылыс болады.