Бір қарағанда жарық ақ болып көрінеді. И. Ньютон тәжірибе жасап, ақ түстің өзі күрделі екендігін дәлелдеді. Жарық сәулесінің бағытына үш қырлы шыны призманы қойып, одан 7 түрлі (қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, қою көк және күлгін) түстердің бөлініп шыққандығын көрді.