§29. электрлік және магниттік құбылыстар
Электрлену – денелердің электр зарядын жинақтау құбылысы. Бұл денелердің өзара үйкелісі немесе жанасуы кезінде пайда болады.

Мысалы: Пластикалық тарақты құрғақ шашқа үйкегенде, тарақ жеңіл қағаз қиындыларын өзіне тартады. Баллонды жүн матаға үйкегенде ол қабырғаға жабысып қалады.

Электрленудің түрлері және мысалдары


Электрлену түрі


Анықтамасы

Мысалы

Үйкелу арқылы

Денелерді бір-біріне үйкегенде электр зарядтарының пайда болуы

Пластмасса тарақты құрғақ шашқа үйкегенде қағазды тартуы

Жанасу арқылы

Зарядталған денені бейтарап денеге тигізгенде заряд берілуі

Зарядталған таяқшаны металлға тигізіп, оны да зарядтау

НАЙЗАҒАЙДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
МАГНИТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
  • МАГНИТ ДЕГЕН НЕ?

    Магнит – темір, никель, кобальт сияқты металдарды өзіне тартатын ерекше дене. Табиғи магниттер табиғатта кездеседі, ал жасанды магниттерді адамдар жасайды (мысалы, тоңазытқыштағы магниттер)

  • МАГНИТТІҢ ҚАСИЕТІ

    • Магниттің екі ұшы болады: солтүстік (N) және оңтүстік (S) полюстер.
    • Қарама-қарсы полюстер бір-бірін тартады, ал бірдей полюстер бір-бірін тебеді.
    • Магниттің әсер ететін аймағы магнит өрісі деп аталады.
  • МАГНИТТІ ҚОЛДАНУ

    • Компастарда бағыт табу үшін.
    • Тоңазытқыштардың есігін жабық ұстау үшін.
    • Құрал-саймандарды жинақтап ұстау үшін (магнитті панельдер).
ТАПСЫРМАЛАР
  • ТОЛЫҚТЫР


    Электр тогы өткізгіш бойымен _____ қозғалғанда пайда болады.

    Магниттің екі полюсі бар: ______ және _________.

    _______ – зарядталған денелердің өзара әрекеттесуі.

    Компас тілінің қозғалысы _____ өрісінің әсерінен болады.
  • ДҰРЫС/БҰРЫС


    • Электр тогы тек металл сымда ғана пайда болады.
    • Электр өрісі зарядталған денелердің айналасында болады.
    • Магнит тұрмыста қолданылады
    • Найзағай – электр құбылысына жатады.
  • ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА


    «Электр және магнит құбылыстары қайда қолданылады?» тақырыбына 5 мысалдан тұратын сурет немесе постер жаса. (Мысалы: шам, тоңазытқыш, компас, теледидар, найзағай).
Made on
Tilda