§30. ТАБИҒАТТАҒЫ КҮШТЕР
Үйкеліс күші – бір дене екінші дененің бетімен жанасып, қозғалғанда немесе қозғалуға әрекеттенгенде пайда болатын күш. Бұл күш дененің қозғалысына кері әсер етеді, яғни тоқтатуға немесе баяулатуға тырысады.

Мысал: Мұзда жүру қиын, өйткені үйкеліс аз. Ал жерде жүру оңай, себебі үйкеліс көп.
ҮЙКЕЛІСТІҢ ТҮРЛЕРІ
  • Тыныштық үйкелісі – қозғала бастағанша әсер етеді.

  • Сырғанау үйкелісі – дене бетінде сырғанағанда пайда болады.

  • Домалау үйкелісі – домалап бара жатқан денелерде (доп, доңғалақ) болады.

Үйкелістің пайдасы мен зияны


Пайдасы:
  • Жолда жүруімізге көмектеседі.
  • Жүріп келе жатқан машинаны тоқтатуға болады.

Зияны:
  • Машинаның шиналары тозады.
  • Механизмдердің бөлшектері қызады және тозады.

Қорытынды: Үйкеліссіз өмірімізді елестету қиын, бірақ кейде оны азайту үшін майлаймыз немесе доңғалақ қолданамыз.
ТАРТЫЛЫС КҮШІ ДЕГЕН НЕ?
  • Тартылыс күші деген не?

    Егер бір нәрсені қолымыздан түсіріп алсақ, ол міндетті түрде жерге құлайды. Себебі Жер бізді және барлық заттарды өзіне тартады. Бұл күшті тартылыс күші деп атайды. Тартылыс күші болмаса, ағаштар, үйлер, адамдар тіпті жануарлар да ғарышқа ұшып кетер еді.
  • Ньютонның ашқан жаңалығы
    1682 жылы ағылшын ғалымы Исаак Ньютон Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашты. Ол барлық денелер бір-бірін тартады деп дәлелдеді. Бұл заң тек Жерде емес, ғарыштағы барлық планеталарға да қатысты.
  • Алма мен айдың құпиясы

    Исаак Ньютон алма құлағанын көріп, жер бетіндегі денелерді тартатын күш бар екенін түсінді. Ол бұл күш тек алманы емес, Айды да өз орбитасында ұстап тұрғанын айтты.

Сәйкестендіру тапсырмасы


Сипат


Құбылыс

а) Алманың ағаштан жерге құлауы

1) Тартылыс күші

ә) Айдың Жерді айнала қозғалуы

2) Үйкеліс күші

б) Арбаның баяулауы

3) Серпімділік күші

в) Серіппенің созылып қайта оралуы

4) Гравитация

ТАПСЫРМАЛАР
  • ТОЛЫҚТЫР


    Алманың ағаштан жерге құлауы _______ күшінің әсерінен болады.


    Ньютон ашқан заң – _____.


    Ай Жерді айналып жүреді, себебі ____ оны өзіне тартады.

  • ДҰРЫС/БҰРЫС


    • Тартылыс күші тек жерде болады.
    • Ай мен Жер арасында тартылыс күші бар.
    • Ньютон тартылыс күшін кездейсоқ ашты.
  • ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА


    “Тартылыс күші болмаса не болар еді?” тақырыбында 3 сөйлемнен тұратын қысқа әңгіме жаз.
Made on
Tilda