§31. табиғаттағы зат айналымы
  • ЗАТ АЙНАЛЫСЫ ДЕГЕН НЕ?

    Табиғаттағы зат айналым – табиғатта заттардың (су, ауа, минералдар, көмірқышқыл газы, азот және т.б.) тірі және өлі табиғат арасында үздіксіз қозғалып, қайтадан қолданылуы. Бұл табиғаттың тепе-теңдігін сақтайды.

  • МЫСАЛДАР

    Су айналымы – мұхиттан су буланып, бұлтқа айналады, жерге жаңбыр болып түседі, өзендер арқылы қайта мұхитқа құяды.
    Көмірқышқыл газы айналымы – өсімдіктер көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі, жануарлар тыныс алу кезінде оттегін пайдаланып, көмірқышқыл газын шығарады.
    Азот айналымы – топырақтағы микроағзалар азотты сіңіріп, оны өсімдіктер мен жануарларға жеткізеді.
  • МАҢЫЗЫ

    Экожүйелердің тіршілігін қамтамасыз етеді.
    Заттардың таусылып қалмауын және қайтадан табиғатта қолданылуын қамтамасыз етеді.
    Тірі ағзаларға қажетті элементтерді жеткізеді.
Кіші айналым биосфераның ішіндегі заттардың (көміртегінің, азоттың, фосфордың, күкірттің) айналымы.
  • Заттардың қозғалысы

    Топырақтағы минералды заттар өсімдіктерге өтеді. Өсімдіктер жануарларға азық болады.

  • Ыдырау үдерісі

    Жануарлардың қалдықтары топыраққа түсіп, бактериялар оларды шірітіп, минералды тұздарға айналдырады

  • Қайта айналым
    Минералды тұздар өсімдік тамырына су арқылы сіңеді. Бұл үдеріс үздіксіз қайталанады.

    Бұл жүйе зат айналымы деп аталады.

Made on
Tilda