Ауа райы дегеніміз белгілі бір жердегі тәулік ішінде болатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайы. Ауа райының негізін ауа температурасы, бұлттылық, жауын-шашын, қысым және жел қалыптастырады. Климат дегеніміз белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның орташа жылдық тұрақты жағдайы немесе ауа райының белгілі бір аумаққа тән көпжылдық режимі.