Энергияны тиімді пайдалану – бұл табиғи ресурстарды үнемдеп, энергияны орынды қолдану. Үйлерде энергияны үнемдеу үшін электр шамдарын үнемдеуші түріне ауыстыруға, құрылғыларды пайдаланбаған кезде өшіруге болады. Бұл қоршаған ортаны қорғауға және шығындарды азайтуға көмектеседі.
Энергияны тиімді пайдалану дегеніміз не? Энергияны тиімді пайдалану – бұл энергия көздерін үнемдеп, артық шығынды болдырмау. Үйде энергия үнемдейтін шамдарды қолдану, тұрмыстық техниканы толық пайдаланған соң ажырату – бұл үнемдеудің қарапайым мысалдары.
Энергияны тиімді пайдаланудың пайдасы Энергияны орынды қолдану табиғатты қорғауға көмектеседі және отбасылық шығынды азайтады. Сонымен қатар, бұл климаттың жылынуымен күресудің бір жолы болып саналады.
ҮЙДІҢ ЖЫЛУ ИЗОЛЯЦИЯСЫ
Үйдің жылу оқшаулауы – бөлмеден жылудың сыртқа кетуін азайтатын құрылыс тәсілі. Бұл энергияны үнемдеуге, үйді жылы ұстауға және отын шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Артықшылығы:
Қыста үй жылы болады, жазда салқын сақталады.
Энергия шығыны азаяды, коммуналдық төлемдер төмендейді.
Экологиялық жағынан тиімді (көмірқышқыл газы аз бөлінеді).
Мысалы: қабырғаларды минералды жүнмен, пенопластпен қаптау немесе терезелерді екі қабатты әйнекпен орнату.
1. «Дұрыс-Бұрыс» тапсырмасы
Жылу изоляциясы үйдің тек сыртқы қабырғаларына ғана жасалады.
Жылу оқшаулағыш материалдар үйдің энергия тиімділігін арттырады.
Қос әйнекті терезелер жылуды оқшаулауға әсер етпейді.
2. Шығармашылық тапсырма «Менің энергия үнемдейтін үйім» тақырыбында сурет сал немесе қысқаша жоба жаз: үйді жылу оқшаулау үшін қандай материалдар қолданар едің?